Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «30 игі іс» акциясы аясында аудандық аналар кеңесі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Кеңес төрайымы Балғаным Хасенова мен «Өнегелі отбасы – елбасы болашағы» атты ресурстық орталықтың төрайымы Ұлмекен Сапарова халықаралық балалар күніне сәйкес денсаулығында кінәраты бар балалардың аналарына мерекемен құттықтау хаты мен қаржылай сый табыстады. Мерейі тасыған қос ана үнемі моральдық, материалдық қолдау көрсетіп келе жатқан мейірімді жандарға үлкен ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Еркеназ Қалижан