Уақ өскіндер уақтылы құтқарылды

(0 Votes)

Өр суы келгенде сай-сала толып, балықтардың уылдырық шашып, көбеюіне қолайлы болғанымен қазіргідей өзендегі су деңгейі төмендеген сәтте майда өскіндердің өміріне қауіп төнеді. Қайтқан сумен ірі балықтар үйреншікті айдынына қайта оралса, биыл өмірге кеген шабақтардың біразы бөлінген суда қалып қояды.

Аптап ыстықта тұйықталған суда оттегі азайып, су жәндіктерінің тұншығуына әкеліп соқтырады. Осындай жылда көрініс беретін келеңсіздіктің алдын алу мақсатында аудандағы табиғат пайдаланушыларға балық шабақтарын құтқаруға учаскелер бекітіліп беріледі. Аудандағы «Каспий таңы» өндірістік кооперативіне Сафон, Бөкейхан, Амангелді ауылдары аумағында пайда болған көлшіктерді бақылауға алып, қырылу қаупіндегілерге көмекке келуге телімдер бөлінді. Шабақ құтқару мақсатында құрылған 15 адамнан тұратын бригада балық жолдарының шөбін шабу, шағын жыралар қазу арқылы олардың негізгі арналарға қайтуына жағдай жасайды.

Көлшіктерде қалып қойған шабақтарды тормен сүзіп алып, қауіпсіз айдынға тасымалдайды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 3 млн. 386 мың дана  майда өскін құтқарылды. Шабақ құтқару жұмыстарына кооперативтен екі автокөлік, көздері тар тор, басқа да қажетті құрал-саймандар  бөлінді. Балық – байлығымыздың қорын сақтауа бағытталған шараға шаруашылықтың егері Құспанов Рүстембек Нысенбекұлы жетекшілік жасады.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521