Уақытынды уыстан шығарма

(0 Votes)

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң,

өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

А.Жұмаділдаев

Қазіргі проблемалардың бірі – жасөспірімдердің ұялы телефонға байлануы. Таңнан кешке дейін бүкіл өмірін әлеуметтік желіге арнап, оны бұрыс пайдаланып, денсаулығына, болашағына тосқауыл қоюда. Тіптен интернет желісінде тек жасөспірімдер ғана емес, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін отырады. Әрине көпке топырақ шашпаймын. Бірақ 100 %-дың 70-80 %-ы десекте болады. Бұл түбінде адамдардың мақсаты болмауына, мамандықтан қателесуіне, өзіне ұнамайтын іспен айналысуына, жұмыссыздыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар Қазақстанның білім сапасының төмендеуіне септігін тигізеді. Міне осы проблемаларды алдын алу үшін ата-ана бала тәрбиесіне аса мән беру керек. Американдық бір топ ғалымдар және Ричард Новатсон бастаған зерттеулерінде әлеуметтік желінің адам баласына әсері мол екенін, адамзат баласына зиян боларын дәлелдеп берген.

Жақсыларды жағалап, асыл уақытты бағалап мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушылар ұялы телефонға көсілмей, осы дамып тұрған заманда, мүмкіншілікті дұрыс пайдаланып, яғни интернетті дұрыс қолдану барысында оқып, білім алып, мақсатын айқындап, білікті маман иесі болып шықса, өзіне де, қоғамға да көп пайдасы тиеді.

Ж.РАХЫМҒАЛИЕВА,

Х.Досмұхамедов университетінің Журналистика мамандығының 4 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521