Уақытында өткен тұңғыш той

(0 Votes)

Қазір жаздың күзге ұласқан шағы. Аптаның жұма күнінен бастап той, бір ауылдас қызын ұзатса, бірі – ұлын үйлендіреді.

Әңгіме осы тойлардың басталу уақытында. Әрі дегенде кешкі 10 сағатта, одан да әрірек, берісін айтқанда 9-дар шамасында басталады. Оның 1 сағат уақыты мағынасыз ашылу салтанатына арналады. Таптаурын, жаңалығы жоқ, кешегі тойда көргенің... Асабалардың бәрі бірдей дарынды емес, өткен тойдағысын қайталайды, немесе бірін-бірі. Көңіл үшін қинала барасың, әйтеуір көпті көргеніңе мәзсің. Арасында сырқат адамдар, егделер бар, мұны кім ескеріп жатыр.

Тойды уақытында бастауға болады екен. Екеуі де айтулы ақ халаттылар сапында өздерін оңынан көрсетіп жүрген Карл – Рая Хамидоллаевтар тұңғыштары Гүлдананың ұзатылу тойына түсқайтағы 5-те деп шақырды. Карл ініміз баршасына алдын – ала ескертіп үлгерген екен, сол бестен кете «тойшы қауымның» алды қара көрсете бастады. Не керек 6:30-дарда той дүбірлеп басталды. Асаба айтулы айтыс ақыны – Шалқарбай Ізбасаров. Өзі де тың, сөзі де тың. Астаналық қонақтарға Атырау елін, батыс қақпада отырған Құрманғазы мекенін таныстыруы қандай, көзден жас шығып, туған елге деген махаббатың жүректі шымырлатады. Көп сөйлеп уақыт алмауларын белгілі айтыс ақыны Шалқарбай соншалықты әдемілеп әзілмен жеткізіп еді, шынымен де той жиналыс болған жоқ. Гүлданасы жүрек әмірімен тапқан Бақжанымен бақытты болғай!

Көп ешкім шаршаған жоқ, дем алатын уақытта тойшылар үйлеріне тарасты. Демек, жақсылық - қуаныштарымызды уақытында бастап, қонақтарымыздың көңілінен шығуға болады екен, Карл мен Раяның бұл бастамасы өзгелерімізге үлгі болғай!

Т.Тасмұханов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT