Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерінің арасындағы жарыс

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру спорт кешенінде Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеген сарбаздарды еске алу мақсатында волейболдан спорт ардагерлері арасында облыстық ашық турнир өтті.

Жарысқа Атырау қаласынан «Айбын» қоғамдық бірлестігінің және аудан округтерінен командалар қатысты. Алаңда өнер көрсеткен жеті команданың арасында Қиғаш бойындағы ауылдардан құралған құрама команда жеңімпаз деп танылды. Құрманғазы ауылының волейболшылары екінші, ақкөлдіктер үшінші орынды иемденді.

Жекелеген аталымдар бойынша «Үздік ойыншы» Мұқажан Нұрышев (Қиғаш), «Үздік үйлестіруші» Қайырболат Тілеуғалиев (Құрманғазы), «Үздік қорғаушы» Вячеслав Мұхамеджанов (Ақкөл) атанды.

 

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT