Тыл еңбеккерлеріне құрмет

(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Бірлік ауылдық округінің сұрапыл соғыстың кезінде тылда адал еңбек және ауылдың көркейуіне егін шаруашылығында еңбек еткен ардагерлерімізбен ұлықтау мақсатында кездестім.

Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекесімен қарсанында ардагерлерімізді құттықтап, жылы лебіздерімді білдіріп, Харесов Екпін атамызбен Салимова Жібек әжеміздің сол кездегі өздерінің қиындықпен өткен балалық шағын еске алып, сұрапыл соғыста өткен жастық шақтарын, бақилық болған майдангер ата-ажелеріміздің ерен ерлігін әңгімелеп, еске алдық.

Осы қиындықпен келген бейбітшілік күнімізге жеткізген ата-әжелерімізге алғысымызды білдірдім.

Бақилық болған майдангерлерге мың тағзым!

Жұмажан Шакупов,  

Аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT