Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

(0 Votes)

«Ардагерлерді ардақтайық» атты Nur Otan  партиясының кезекті жобасы аясында аудандық маслихат депутаты Гүлжанат Ғаділханқызы тыл  ардагердің үйіне арнайы барды.

Атап айтсақ,  95 жастағы Орлы ауылының тұрғыны Ағиба Мусағалиқызы, нұржаулық Мәдениет Харесов және күміс алқа иегері Маржан Кенжеғалиеваның үйлерінде болып, еркін әңгіме-дүкен құрысты. Тарих беттерінен ойып тұрып орын алған атаулы күннің  куәгерлері бастан кешкен қиындығы мен көрген бейнетін еске алып, сұрапыл күннің сұсты өмірін баяндап берді. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұрпақтарына, ел басқарып жүрген іні-қарындастарына жемісті еңбек тіледі. Арнайылап ат терлетіп,сыйлығын қоса апарған Гүлжанат Қалиева да майдангерлерге  алғысын жеткізді.

mdeniet-ata-ardager

ardager-zhe

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT