Тыл ардагерлеріне құрмет

(0 Votes)

Ардагерлерімізді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға буынның арқасы.

Яғни, майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де. Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы.

img_20220506_171502

Ауданымызда 276 тыл ардагері болса, оның 39-ы аудан орталығы Құрманғазы ауылында тұрып жатыр.Бұл күндері олардың жасы да – соңы торқалы тоқсаннан асып, алды жүздің төріне таяп, қатарлары селдіреп қалды. Мереке қарсаңында облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Карсакова, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болып, сый-құрмет көрсетті. Алдымен ауыл шаруашылығы саласының ардагері 90 жастағы Ирина Ахметжановаға сәлемдесіп, мерекемен құттықтады. Бұдан кейін, балалық шақтарында қара жұмысқа жегіліп,тылда еңбек етіп, кейіннен қарапайым қызметкер болған Қадірлім Сахақызының, медицина саласының ардагері, алтын алқалы ана, 94 жасқа келген Айсұлу Қаражанованың үйіне барып, олардың тағылымды әңгімелерін тыңдады. Құттықтауға келгендерге риза болған Айсұлу әжей шынайы көңілін білдіріп, ақ батасын берді.

img_20220506_171421

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT