Тыл ардагерлеріне құрмет

(0 Votes)

Тарихта таңбаланып қалған Ұлы Жеңістің аяқталғанына 76 жыл толып отыр.

Бүгінгі ұрпақ оның мәнін жете түсінеді. Өйткені, бізге дәл қазіргі тыныштық пен бейбіт өмір ержүрек ата бабаларымыздың қанымен келгенін ешқашан естен шығармайды. Аталарымыз майданға аттанғанда, олардың құрыш білегімен атқарылған шаруа тылда қалған аналар мен бозбалалардың иықтарына түскені белгілі. Яғни майдан мен тылдың біртұтас қимыл әрекеті Ұлы Жеңісті әкелді.

ardagerlerdi-aralau-3

Ауданымыздағы тыл ардагерлерінің қатары жылдан - жылға сиреп келе жатыр. Аудан әкімі Марат Мурзиев бастаған іс басындағы азаматтар қастерлі мереке қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай күні - түні еңбек етіп, қиямет - қайым қиын жылдарды жеңе білген тыл қаһармандарының шаңырағында болып, құрмет көрсетті. Алдымен 101 - ге келген әже ауданымыздың ең кәрі тұрғыны Шәмел Түсіпәліқызына сәлемдесіп, мейраммен құттықтады. Аудан әкімінің құттықтау хаты, гүл шоғы, сыйлығы табыс етілді. Кейуана жолдасы майданға аттанғанда, Атырау - Астрахан " темір жолын төсеуде қажырлы еңбек еткенін, бертін келе балық аулап, егін салып, кезіккен небір ауыр жұмыстарды әйел затына қарамастан бір кісідей еңсере білгенін еске алды. Дүниеге 9 ұрпақты әкелген алтын құрсақты ана бүгінде 8 немере, 8 нементай, 26 жиеншар сүйіп отыр. Округ тарапынан да үнемі сый -құрмет көрсетілетінін алға тартқан ардагер құттықтауға келгендерге шынайы көңілін білдіріп, ақ батасын берді.

ardagerlerdi-aralau1

Ел басына күн туғанда, қара жұмысқа жегіліп, ерлікпен еселі еңбек еткен Зайт Хабибуллиннің шаңырағында болған лауазым өкілдері осындай құрмет көрсетті. Еңбек жолын еске алған қария ұлағатты әңгімесін өрбітіп, өзін мерекемен құттықтауға келген аудан басшысы мен қосшыларына зор ризашылығын білдіріп, бейбіт өмір мен өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуын тіледі.

ardagerlerli-aralau2

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521