Жоба бас демеушісі “Самұрық Қазына" АО-ның жұмыс жоспары сай, бүгінде біздің ұйым тыл еңбек ардагерлерінің басын жинап, аудан орталығындағы Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәдени залында "Тылдағы тірліктің тарландары" атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Кездесуге ауданның тыл еңбек ардагерлері Ерғалиев Асылбек, Кузембаев Абдулла, Спехова Анна, Темирова Айжан, Мустиев Салауат сынды ата-әжелеріміз қатынасып, өзіндік ойларымен бөлісті.
Шара барысында Абай жалпы орта мектебі "Темірқазық" мектеп парламентінің оқушылары, музыка пәнінің мұғалімі Кдырбаев Берекет әнін шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Тиісінше ардагерлерімізге түрлі сыйлықтар табысталып, арнайы фотосессия ұйымдастырылды. Суреттер ардагерлердің жеке өздеріне табысталды.
Тыл еңбек ардагерлерінің орны ерекше, санаулы қарияларымызды барында қадірлеп, ерен еңбек, келешек үшін жасаған игі, ұлы істеріне алғысымызды айтып, ардақтайық.
P/s: Біздің тыл еңбек ардагерлері біз сіздерге қарыздармыз. Елдің болашағы мен ұрпақ амандығы үшін жасаған ерен еңбектеріңге сан мың алғыс...