Электронды үкімет жобасы аясында egov.kz порталын қолданушылар күн санап көбейіп келеді.
Бұл қазақстандықтардың электронды қызметке бейімделіп келе жатқанын көрсетеді. Бұндай қызмет түрін халық жақсы меңгеру үшін мемлекеттік органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары көптеген жұмыстар атқаруда. Ол үшін түрлі түсінік жұмыстары жүргізіліп, ғаламтор көздеріде көп пайдаланылады.
Порталға тіркелу арқылы адамдар ХҚКО немесе тиісті мекемелерді жағалап уақытын бос өткізбей, түрлі мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ бір тетікті басу арқылы жүзеге асыратын күнге қолымыз жетті. Осы күнге дейін электронды қызметтерді алу үшін электронды цифрлық (ЭЦҚ) алу міндетті болса, қазіргі оңтайландырылған жүйе бойынша қолымыздағы телефонға жүктелген KASPI.KZ немесе HOME.BANK қосымшалары арқылы тууды тіркеуге одан әрі бала туылуына байланысты берілетін төлемдерді алу үшін өтініш беру мүмкіндігі іске қосылды.
Бұрын өтініш беріп, 5 күн куәліктің дайын болуын күтетін болса, қазіргі өзгерістерге сай куәлік 2 жұмыс күні ішінде дайын болып, бұл туралы 1414 нөмірінен жаңа туылған балаға берілген ЖСН нөмірі көрсетілген хабарлама түседі. Сонымен қатар, құжаттарды қолымызға алып жүріп, көшірмесін тапсырмай-ақ еліміз бойынша электронды құжатты көрсету мүмкіндігі бары бәрімізге мәлім. Жоғарыда аталғандай дайын құжатты KASPI.KZ пен HOME.BANK қосымшаларында электронды құжаттар бөлігінен көруге немесе жүктеп алуға болады.
Б.Темиргалиев,
Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы