СКөшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру және жұмыссыздарды жұмыспен қамтыған жағдайда жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатындағы облыстық мобильдік топ Құрманғазы ауылдық округінің жұмыссыз, өзін-өзі қамтитын және жалдамалы жұмыс жасайтын тұрғындары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері және мекеме-кәсіпорын есепшілерінің қатысуымен жиын өткізді.
Түсіндірмелік бағыттағы басқосуды ашқан аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев облыс орталығынан келген мобильдік топ мүшелерімен таныстырып, рет-ретімен сөз кезегін ұсынды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гүлшат Жұмағалиева зейнетақымен қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі, зейнетақы төлемдерінің ай сайын түсіп отыруы, жақында қабылданған әлеуметтік кодекс төңірегінде әңгімеледі.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас мамандары Мәлике Хозе-Диасова, Жаңылсын Сидәлиева, Арай Сұлтанғалиева «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары, грант беру санатындағы өзегерістер, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, арнаулы әлеуметтік көмек туралы түсініктер берді. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Атырау облысы филиалының бас маманы Сәбит Аманбаев жұмыс жасайтын тұлғалардың әлеуметтік төлемі, олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік аударымдарды бақылау барысын сөз етті.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салтанат Нұрлыбаева зейнетақы аннуитеті бағдарламасындағы жаңалықтармен таныстарды.
Сонымен бірге, аудан әкімдігі жанынан аталған мәселені округ тұрғындары арасында түсіндіру мақсатында құрылған жұмысшы тобының мүшелері, аудандық орталық аурухананың статист-дәрігері Нұргүл Хамитова міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі тегін медициналық көмек алудың тәртібімен, аудан бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Насипов салық салу жүйесіндегі өзгерістемен бөлісті.
Мамандар тарапынан айтылған түсіндірмелерді маңыз бөле тыңдаған жиынға қатысушылар өздерін толғандырған бірқатар сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Айбек МЕЙІРМАН