Жалынды жас спортшы Имаков Азамат Бахтыгерейұлының туғанына 35 жыл толуына орай үстел теннисінен еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті.
Турнир 2024 жылдың 20 қаңтар күні орталық спорт мектебінде оқушылар және ересектер арасында ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысымен оқушылар арасында І орынды Ибрагим Бекарыс пен Болатбекова Маржан иеленді. ІІ орын Хайролла Ердаулет пен Мақсатқызы Айнамкөзге тиді. ІІІ орынды Гизатуллаев Бекзат пен Қадыржан Айша жеңіп алды.
Ал, ересектер арасында Ерталиев Нұралы мен Айтекенова Асел жүлделі бірінші, Маратов Арсен мен Нұрланқызы Нұрай екінші, Сагатов Жасұлан үшінші орыннан көрінді.
Барлық жүлдегерлер диплом, алғыс хат, медаль және сыйлықтармен марапатталды. Осы турнирді ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін ата-анасы Бахтыгерей мен Сәулемай Алмас Мұқашев, Әдебиет Ердешов, Толқын Ажығалиева, Марат Джанханов және Құрманғазы ауылының тұрғындарына ризашылығын білдірді.
Әділбек Атаев,
Құрманғазы ауылы