Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар екенін, бірақ, бізде туризм дамымай отырғанына, мардымсыз екеніне тоқталды. Туризм – дұрыс ұйымдастыра білсе табыс көзі ғой. Еуропадаға Мальта аралдары деген мемлекетте ешқандай өндіріс орындары жоқ екен. Бірақ, халқы жақсы тұрады. Тек туризммен дамып келеді.
Біздің ауданымызда көрікті аймақтардың бірі. Жүгірген аң, ұшқан құс, суында шоршыған балық жеткілікті. Туризмге сұранып тұр. Алайда, бұл сала бізде алға баспай отыр. Бірлі-жарым саяхатшылар болмаса, ағылып келіп жатқан тынығушыларды көрмейміз. Президентіміз айтқандай туризмге сұранып тұрған жерлерге инфрақұрылым салуды бастаған жөн. Осылай дегенде ойымызға бір ғана лотос емес, Азғыр өңіріндегі Кененбай үңгірі, Ойық, Сағырбай қыстауы сияқты жерлер оралады. Айтары бар жерлер. Оларды да жақсылап жарнамалап, басына сервистік қызметтермен қамтитын орындар болса, инфрақұрылым салынса ішкі, сыртқы туризм дамиды. Оған барушылар шаршап жетсе де еңбегі ақталар еді. Басқа елдерде мұндай жерлер болса баяғыда табыс көзіне айналып кетері анық. Біз қолда бардың қадірін біле бермейміз. Осы жағын да ойлаған дұрыс.
Есмұхан Жанизин,
Қошалақ ауылы, кітапханашы