Туристік жорық

(1 Vote)

Ауданда белсенді туризммен айналысушылар қатары күн санап артып келеді.

Бұған «Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» мемлекеттік мекемесінің қосып отырған үлесі зор.  Жақында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты жас туристердің жорығы ұйымдастырылды.  Өлкенің әсем табиғаты аясына саяхаттаушылар тобын мекеме басшысы А.Утегенов, спорттық туризм бөлімінің меңгерушісі Ә.Атаев, үйірме жетекшілері Е.Сәрсембаев, Қ.Бимұрзаев, Б.Зарипов, А.Абдуллаев, Т.Сапуов бастап шықты.

Туристік маршрут Құрманғазы ауылы орталығынан басталып, Самаркин, Механизаторлар, Тәжібай ықшам аудандары арқылы өтіп, Шарон өзенінің бойындағы Түркин елді мекенінде дейін барды. Қайтар жолды да . осы маршрутпен жүріп өтті. Жол 18 шақырымды құрады. Жорықтың барысында саяхатшылар жер-су атауларының шығу тарихымен танысып, табиғи ерекшеліктеріне зер салды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT