Туристердің келуі жыл санап артуда

(0 Votes)

Ауданымызда туристік маусым ашылып, «ВМС», «Қиғаш», «Каспий Балық», «Lotos Atyrau», «Каспий» және «Хан-Балық» демалыс орындары келушілерге қызмет көрсетуге дайын. Бұл нысандар жазғы демалыста туристтерге табиғат аясында тынығуға мүмкіндік береді.

Әсіресе, Қиғаш-Шора өзеніндегі 5 мың гектар лотос алқабын көру үшін күніне жүздеген турист сапарлайды. Алқапта келушілерге арнайы қызмет көрсететін маторлы қайық та бар. Сонымен қатар өзен бойында балық аулап, аңшылыққа қызығатындар да аз емес.

- Аудан әкімдігі туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде. Қазір 13 туристік база құрылысына арналған жер телімдері 3-5 жыл мерзімге жалға беріліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама өңірдегі туристік инфрақұрылымды кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді,- деді Құрманғазы ауданының баспасөз хатшысы Гүльхат Хамза.

2023 жылы ауданымыздың табиғатын тамашалауға 7000-ға жуық турист келсе, былтыр келушілер саны 10 пайызға артқан. Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар.

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT