Туристер бекетінің жеңісі

(1 Vote)

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында белгілі қоғам қайраткері О.Исаевтың 120 жылдығына орай оқушылар арасында жаяу туризм техникасынан республикалық жарыс өтті.

Онда 12 команда бақтарын сынап, облысымыздың намысын қорғаған Құрманғазы жас туристер бекетінің мүшелері жүлделі ІІ орынмен оралды.

Оларды бұл жарысқа команда өкілі Алмажи Өтегенов, жетекшілері Алтай Гилаев, Есболай Сәрсембаев бастап апарды. Туристік сайыс бағдарламаға сәйкес 5 кезеңнен тұрды. Авторлық және гитаралы әндер байқауында Ломоносов мектебінің оқушысы С.Ниеталиева І орынды иеленсе, табиғи заттардан, садақ және жебе жасап нысанаға көздеп атудан осы мектептің жеткіншегі Ж.Төребай жеңімпаз атанды. Команда құрамындағы Ломоносов және Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушыларын мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз!

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT