Туристер бекетінде өткен танымдық шара

(0 Votes)

2024 жылдың 17 шілде күні "Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті" КММ-нің жоспарына сәйкес оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді өткізу кезеңінде өлкетану бағытында танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің өлкетану үйірме жетекшісі Утебаева Гүлжүзімнің ұйымдастыруымен «Тереңнен сыр шертетін туған өлке атаулары» тақырыбында танымдық шара өтті.

Мақсаты: туған өлкенің топонимика саласында жер-су атауларының шығу тарихын анықтау және зерттеу, оны келер ұрпаққа насихаттау арқылы туған өлкенің дамуына жас өлкетанушылардың үлесін қосу.

Тақырып аясында: аудан атауына күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы есімінің берілуі, Зормата, Азғыр, Сүйіндік, Қошалақ т.б. топонимикалық атаулардың мәні мен мағынасына сипаттама берілді. Оқушылар тың зерттеулерімен бөлісіп, өз білім қоржындарына құнды мәліметтер ала білді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521