«Турист пе, әлде браконьер ме?!»

(0 Votes)

Өңіріміз өзінің әсем сұлу табиғатымен, сирек өсімдіктерімен, аң-құсымен, сылдырап аққан өзен-көлдерімен, балық-байлығымен туризмге сұранып тұрған аймақ екені көптен айтылып жүр. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды да.

Қазіргі уақытта аудан аумағында «ЕвроСтройА» ЖШС-не тиесілі «Қиғаш» әуесқой балық аулау және туристік базасы, «Lotos Atyrau» ЖШС-нің «Ержан» туристік базасы, «Бисенов А.Т» шаруа қожалығына қарасты «Туристік демалыс орны» және «Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің туристік базасы жұмыс жасайды. Алдағы уақытта Қиғаш өзені бойынан осындай екі демалыс орны ашылатын болады. Аталған базалар маусымдық негізде жұмыс жасап, көктем және күз айларында туристерді қабылдайды. Туристік базаларға өзіміздің азаматтармен бірге алыс-жақын шетелден демалушылар көптеп келеді. Жергілікті бюджетке табыс көзін келтіретін орындардың бүгінгі хал-жағдайы, алдағы келушілерді тарту жоспарлары, жалпы туризмді дамыту жолдары туралы аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров жиын өткізді.

img_0195

Диалог түрінде жүргізілген басқосуға жиналғандар өз ойларын бүкпесіз ортаға салды.Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Құбашев су бойына келушілер сирек кездесетін лотос гүлдерін тамашалап қоймай жұлып алу, қайықпен ортасына жарып кіру фактілері орын алғанын, қызыл кітапқа енген өсімдік ретінде заңға тарту көзделгенін айтып өтті. Теңіз ауылдық округінің әкімі А.Баймұханов «Кейбір азаматтар заңдылығын сақтап, төлемін төлеп турист ретінде келгенімен балығымызға қырғидай тиетінін баса айтқым келеді. Көктемгі маусымда оралдың жігіттері екі күннің бірінде келіп, ондап-жиырмалап қармағын құрып жатады. Бас-басында ондап-жиырмалап қармақ бар. Аулап-аулап машиналарын сықай толтырып кері қайтады. Ескертсең «біз жай туриспіз әрекетіміз заңды» деп бет бақтырмайды. Сонда бұлар турист пе, әлде браконьер ме?! Әуесқой балықшы ретінде заңдылығын сақтап жатса ештеңе демес едің» дейді нали сөйлеп.

Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі С.Кәменов өздерінің қызметін пайдаланатын шетелдіктер, негізінен француздар тек әуесқойлық, қызығушылық мақсатта келетінін, аулаған балығын суретке түскен соң өзенге кері жіберетінін, айналасын ұқыпыты, таза ұстайтынын айтып, біздің азаматтарда кездесе бермейтін олардың жоғары мәдениеттілігін атап өтті. Мәселеге орай Құрманғазы балық қорын қорғау инспекциясының басшысы Н.Қаратекеев, демалыс базасының басшылары З.Муханалиев, Е.Сәрсенбаев пікірлерін білдірді. Құрманғазы ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы қызметін уақытша атқарушы Қ.Насипов, аудандық статистика басқармасының басшысы Ж.Мукушева салықтық, статистикалық есептілік туралы түсіндірді. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлепов биылғы короновирутық эпидемиядан туындаған шектеулерге байланысты өңірдегі орналастыру орындарына келушілердің күрт азайып кеткендігіне тоқталды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521