Түлектер тартуы

(0 Votes)

Хиуаз ауылының Ыбырай Алтынсарин жалпы орта мектебінің түлектері соңғы қоңырау қарсаңында тарыдай болып аттап, таудай болып шыққан білім ордасына құрмет көрсетіп, туған ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуды дәстүрге айналдырған.

Биыл осындай тағылымы мол істі 2003 жылғы түлектер де жалғастырды. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай, ұшқан ұясында бас қосып, ауылдың кіре берісіне «Туған жерім Хиуаз» сөзі жазылған ескерткіш тақта орнатып, ауылдастардың алғысына бөленді. Түрлі-түсті жарық шамдары орнатылған тақтайша ауыл көшесінің ажарын аша түсті.

Келешек жастарға үлгі болған, осындай игі шараларды жасауда болашақ түлектер де белсенді боларына сенім мол.

Қуаныш Зайыров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521