Туған жерге тарту

(0 Votes)

Хиуаз ауылының кіреберісіне мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған 35-ші түлектердің «Туған жерге тарту» атты арканың ашылу салтанаты өтті.

 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 25 жыл бұрынғы түлектері Ауыл кіреберісіне заман талабына сай етіп арка орнатып, туған ауылына тарту жасады. Бұл үлкен жұмыс, адал достықпен мызғымас серттің, жігіттік мәрттікттің сайып келгенде туған елдің жанашыр патриоты деген ұлы ұғымды қайта жаңғыртқандай.

Ауылымыздың кіреберісіне жаңа арка орнатылып, сол арка арқылы ауылымыздың рухы, бірлігі мен болашағы көрініс табуда. Бұл тек қана арка емес – бұл ауылымыздың шекарасы, мәртебесі, айбыны. Ауыл азаматтарының қайда жүрсе де, жүрегінің түбінде туған жерін әлдилеп жүруі - туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор, патриот екенін танытады. Туған жеріне келіп, тағзым етуі – әрбір перзенттің парызы. Ал осы жақсы істің дәстүрге айналғаны жүректерге қуаныш ұялатады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT