Туберкулезге қарсы күрес айлығы

(0 Votes)

Туберкулез – жұқпалы ауру, ол ауру адамнан сау адамға ауа арқылы жұғады. Өкпе туберкулезімен ауратын адам жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауаға туберкулез таяқшаларын бөліп, дені сау адамға жұқтырады. Иммунитеті жоғары деңгейдегі адамдар бұл ауруға төтеп беріп, ал иммунитеті әлсірегендерде өкпе туберкулезіне шалдығу қаупі жоғары болады.

2-3 аптаға созылған жөтел, түнгі тершеңдік, дене қызуының ұзақ уақыт болуы, салмақ және асқа тәбет жоғалту, тез шаршау, әлсіздік туберкулездің алғашқы, бастамадағы белгілері болып табылады.

Ауданымызла туберкулез дертіне шалдығу соңғы 3-4 жылда тұрақтағанымен 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 2020 жылы – 93,6% құрады. Бұл көрсеткіш республикалық, облыстық деңгейден әлдеқайда жоғары, туберкулезден эпидемиологиялық жағдайдың әлі де ушығып тұрғанын көрсетеді. Балалар арасындағы туберкулездің тіркелуі 2020 жылы – 3 балаға төмендеді (2019 жылы – 3 жасөспірім).

Тәжірбие көрсетіп отырғандай балалар арасындағы өкпе туберкулезі отбасында туберкулезбен ауратын ересек адамдардың ошағында тіркеліп отыр. Сондықтан туберкулездің ашық, жұқпалы түрімен ауратын отбасындағы балаларды оқшаулау (изоляция) өте маңызды шара болып табылады. Бұл ретте аудан орталығында орналасқан «Балауса» балабақшасы, Атырау қаласындағы облыстық балалар санаториясы, №4 мектеп-интернат мекемелері балаларды тегін қабылдап, тәрбиелеп, оқытып, құнарлы 6 мезгіл тамақтандырып, олардың туберкулезге қарсы иммунитет деңгейін жоғары көтеріп, сауықтырып, аурудың алдын-алуға септігін тигізеді.

Балаларды туберкулезден қорғаудың алғашқы шаралары БЦЖ вакцинасы болса, одан да бас тарту аудан бойынша әлде де орын алуы қынжылтады. Ата-аналармен түсінік жұмыстары көбіне оң нәтиже бермей жатады. Соңғы жылдары БЦЖ вакцинасынан бас тарту фактілері өсіп отыр. 2020 жылы 46 жаңа туған бала аудан көлемінде туберкулезге қарсы екпе алмады. (2019 жылы – 25 бала).

Туберкулез дертін тез анықтау үшін емханада заманауи қондырғы G-Xpert MTB| RIF экспресс тестісін қолдану, диагнозды 2 сағат ішінде қойылуына мүмкіндік береді.

Ауырған сырқаттарды емдеуге толық мүмкіндік қарастырылған, емдеуі тегін. Ауданда амбулаториялық ем алып жүргендерге 10 айлық АЕК мөлшерінде көмек ақша беріледі.

Өкпе туберкулезі - емделсе толықтай жазылатын ауру. Емделу мерзімінің ұзақ болуына байланысты (кейбір ауру түрінде 20 айға дейін), бұл ауырудан айығу науқастан асқан төзімділікті қажет етеді, сонымен қатар ауруды отбасына, балаларына, қоршаған қоғамға таратпау үшін өзінің жауапкершілігін сезініп, емін толықтай алып, емдеу курсын аяқтағанша үздіксіз дәрігерлерін қабылдауы тиіс.

 

О.Ахметқалиев,

дәрігер фтизиатр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521