Туған жерге тағзымын тал егумен білдірмек

(0 Votes)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ауданымызда қасиетті жерлерді, тарихи орындарды анықтау, жер-су атауларының шығу тарихын зерттеу жұмыстары қолға алынғаны белгілі.

Осы мақсатта облыстық мәслихаттың депутаты, Құрманғазы өндірістік кооперативінің төрағасы Сұлтанов Сабыржан Қыдырсиықұлы Дыңғызыл ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің барлығын дерлік зерделеп, көнекөз қариялармен пікірлесіп, алыстан-жақыннан архивтік материалдарды қарастырып, біраз мәліметтер жинақтапты.

«Нәшен бұлағы», «Азау», «Қарабай би қорымы», «Лаубай», «Бияш терек», «Сәрсен терек», «Қазан соры», «Ас берген» сияқты жерлер қазіргі уақытта да шаруашылықтың малбегілері үшін құтты қоныс болып отыр. Білікті азамат туған жерге деген тағзымын тал егумен білдірмек болып қыстақтар басына көшеттер отырғызуды қолға алды.

Жұмақай ҒҰМАРОВ,

ардагер журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT