Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Менің Отаным – Қазақстан» атты мектеп туризмінен аудан біріншілігі өтті.
Ауданның 8 білім ордасынан қатысқан сайыс «Көбелек өткелі», «Паралель», «Аспалы өткел» кезеңдерінен тұрды. Бірінші орынды Ақкөл жалпы орта мектебі (жетекшісі Есболай Сәрсембаев), екінші орынды Еңбекші жалпы орта мектебі (жетекшісі Венера Надирова), үшінші орынды Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп (Алтай Ғилаев) иеленді. Үздік шыққандарға арнайы диплом мен медальдар табысталды. Абай және Алтынсарин атындағы орта мектептер алғыс хатпен ынталандырылды.
А.НӘЖІМОВ.