«Туған жер – тұлғаң тарих»

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Туған жер – тұлғаң тарих» атты «Өренді өлкетанушы» клубының  мүшелері Өмірзақ Қажымғалиұлы, Таңатар Дәрелұлы, Рифхат Мұғалімұлы мен Жазира Насиполлақызы  тарихқа құмар оқушылармен кездесу өткізді.

Сұхбат форматында ұйымдастырылған жиында білім алушылар екі томы жарық көрген «Қасиетті өлке – Құрманғазы» атты энцеклопедияға байланысты көкейдегі сауалдарын қойды. Жауап беру барысында Өмірзақ Қажымғалиұлы кітап жазуда кездескен қиындықтар мен қызықтарды, зерттеу кезіндегі мұғжизаларды айтып, бұл пікірді Таңатар Дәрелұлы да қостады. Кейін Рифхат Мұғалімұлы клуб мүшесі болуға қызыққан оқушыларға аудандық білім бөлімімен бірлесе жасалған міндеттерді оқып берді.

z

Шара "Кітап сыйлаумен" жалғасты. Мектептің кітапхана қорына "Өренді өлкетанушы" клубының жетекшісі Өмірзақ Қажымғалиұлы Құрманғазы ауданының энциклопедиясының ІІ томын, авторлық үш кітабын, Таңатар Дәрелов өзінің «Алты алашым ардағым» және «Жүрегімнің жыр емі» атты өлеңдер жинағын, ата-аналар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Теміралиев әкесі Тұрлан Теміралиевтың «Иман ұялаған жүректер» кітабын тарту етті. Кеш соңында Жамал Әдебиетқызы сөз алып, қонақтарға алғысын білдіріп, «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша ата-аналар мен балалар арасында өткен кітап байқауын қорытындылады.

Айта кетейік, «Өренді өлкетанушы» клубының мүшелері осы күнге дейін дейін Ы.Алтынсарин және Нұржау жалпы орта мектебінде аталмыш типтегі өнегелі жиын оздырған болатын.

zhayry1

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT