Аудан орталығындағы 175 сайлау учаскесіне бүгінгі туған күн иесі, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов отбасымен келіп дауыс берді.
"Президент сайлауы - уақыт талабы. Осы бір тарихи сәт кезінде үлкен жауапкершілік танытып, азаматтық позициямызды білдіру - әрбіріміздің міндетіміз. Президенттікке үміткер азаматтардың алға қойған мақсаты- елдің жарқын болашағы. Сондықтан, ел келешегі үшін маңызды саяси науқан Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын, -дейді Болат Теміржанұлы.
Айнагүл Шакупова