«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖАЛҒАСУДА

(0 Votes)

Атырау облысындағы ХББ НЗМ-де "Туған елге тағзым"атты дәстүрлі экспедициялық жоба 19 маусым күні басталған болатын. Жобаның үшінші күні де сәттіаяқталды. Олай деуіміздің де жөні бар. Қатысушыларқаланың бірқатар мекемелерінде болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты!

Басынан баяндайық. Алдымен оқушылар Сафи Өтебаеватындағы Атырау мұнай және газ университетіне бағыталды. Бұл сапар оқушыларымыз үшін өте пайдалы болды. Өйткені, химия-биология бағытындағы мектепоқушыларының арасында мұнай саласында қызмет етугениеттілері болары хақ. Олардың түрлі профильдікбағыттағы сұрақтарына аталмыш университет мамандарыөте тұшымды әрі ашық жауап қатты. Балаларды түрлісұрақтар легі қызықтырды. Тіпті, кейбірі "біздегі мұнайқоры қашанға дейін қызмет етуге қауқарлы?" деген сындытың сауалдарын жолдап, оған кәнігі мамандар аузынан көңілкөншітерлік жауабын алды.

e227d816-ff99-4f7d-ba75-7fdf871d9380

Одан арғы сапар аймақты ақпаратпен қамтудағы бірден-бірмаңызы мол мекеме "Атырау-ақпарат" медиахолдингіндежалғасты. Мұнда олар облысымыздың басты басылымдарытуралы ақпараттарға қанығып, ел мұңын жырлап, жоғынжоқтап, жақсысын асырып жүрген журналист аға-әпкелерімен кездесті. Сондай-ақ, баспахана цехында болып, газеттің қалай басылатынын, кітап қандай станоктарарқылы жасалатындығын өз көздерімен көріп, куә болды.

4683156b-0788-4263-9304-627dc2e634bc

Ал, түстен кейінгі сапар мұражайларда жалғасты. Анығында, облыстың басты жәдігерлері мен құнды өнертуындылары сақталған  Атырау облыстық ШаймарданСариев атындағы өнер мұражайы мен облыстық өлкетану-тарихи мұражайына экскурсия жасады. Бұл жердің аурасыоқушылар үшін тіптен бөлек сезілді. Шығармашылық пен тарих тізгіні әдемі ұштасып, ерекше үйлесім тапқан мәдениорыннан оқушылар да ерекше әсермен шықты.

Осылайша, жобаның кезекті күні де әсерлі өтті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521