Цукерберг бізде де бар

(0 Votes)

Қазақ жастарының дарындылығын әлем талай мәрте мойындағаны өздеріңізге мәлім.

Цукерберг бізде де бар болып шықты. Жаңа CoffeeFold атты жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желіні Астана қаласының оқушысы ойлап тапты. Бұл әлеуметтік желі елордалық тинейджерлер арасында кең таралған. Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукербергтің оқиғасынан шабыт алған он бес жасар Астана тұрғыны Бэла Темиева.

Әдеттегі хабарлама алмасумен қатар әлеуметтік желі қолданушылары видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойластырған.

«Жобамның аты «CoffeeFold», мағынасы «кофе» және «бума» дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой», деді Б.Темиева өз жобасының тұсаукесерінде.

Ақпараттар көзінен әзірлеген Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT