Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа арнаған Жолдауы жаңа мазмұнға толы, ел дамуының жаңа белестерін белгілеген, нақты қадамдарға бағыт-бағдар жасалған, айқын мақсаттар мен қазіргі әлемдік ахуалдың, беталыстардың жай-жапсары көрсетілген маңызды құжат болып табылады.
Биылғы Жолдауда басты назар – цифрландыруға, жасанды интеллектіні енгізу мен экономиканы дамыту. Бұл тегін емес. Бүгінгі таңда қай саланы алсақ та дамудың кілті – цифрландыру мен ЖИ. Олар ашықтықты арттырады, әділдік принциптерін нығайтады, көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы жемқорлықтың алдын алып, процестерді автоматтандырып, бюрократияны азайтады және уақытты үнемдейді. Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тақырыбынан-ақ көріп тұрғанымыздай, құжатты дайындау барысында әлемде жүріп жатқан тенденция ескерілген. 2010 жылдан бері қарай жаһанда ЖИ дәуірі басталды. Биылғы Жолдауда осы бәсекеде көш ілгері шығу мақсаты қойылып отыр. Өйткені Президент атап өткендей, бүгінде ЖИ қару-жарақ өндірісінде де қолданылып жатыр.
Ғизатолла Мүрсәлиев,
прокруратура саласының ардагері