Цифрлық дәуір – өркениетке бетбұрыс

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Абат Жанғалиевтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру жөнінде жиын өтті. Биылғы жылдың басты құжатын талқылауға аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер басшылары, округ әкімдері, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Аудан басшысы Абат Сайфоллаұлы «Президент Жолдауы – елдің дамуына бағыт-бағдар беретін стратегиялық құжат. Онда қойылған міндеттер өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағыттылған нақты жол картасы болып табылады. Біз, ауданның мемлекеттік қызметшілері, аудан тұрғындары Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері мен тапсырмаларын жүзеге асыруға белсенді араласуымыз қажет. Бұл талқылауда ел дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындайтын Президенттің халыққа Жолдауында айтылғанды саралап жұмыс жоспарымызға алатын боламыз» деп жиынға қатысушылардың мәселеге орай пікір-ұсыныстарын білдіруді сұрады. Талқылауда аудандық әкелер кеңесінің төрағасы, Ломоносов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Әнесов, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің әдіскері Әсел Дүйсембиева, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұртілек Батуов, «Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының төрағасы Азамат Абдуллаев сөз алып ойларын білдірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Абат Жанғалиев шағын баяндама жасады. – Біз бүгін тарихи кезеңнің табалдырығында тұрмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы - еліміздің жаңа даму кезеңіне бағыт сілтейтін өте маңызды қадам. Президентіміз айтып өткеніндей, цифрлық дәуір – бұл технологиялық емес, өркениеттік бетбұрыс. Бұл – ойлау мен еңбек ету тәсілінің, басқару мен қарым-қатынастың түбегейлі өзгеруі. Біз – осы үдерістердің шетінде емес, ортасында болуымыз керек. Ауданымыздың болашағы – осы жаңа дәуірдің талаптарын бейімделуімізге тікелей байланысты. Цифрландыру – жай ғана заманауи тренд емес бұл – экономиканың тиімділігін арттырудың, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартудың, жемқорлықты азайтудың, жастарға жаңа мүмкіндік ашудың кілті, - деп Жолдаудағы жеті маңызды міндеттерге тоқталды.

Айбек НӘЖІМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT