Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылды. Қазіргі заманда сапалы білім – елдің өркендеуі мен бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты. Сондықтан биылғы Жолдауда білім саласына қатысты нақты міндеттер қойылды.
Техникалық және кәсіптік білімге басымдық
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл – жастарды кәсіби-техникалық білімге ынталандырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін жасалған қадам. Енді колледждер мен техникалық оқу орындарына ерекше көңіл бөлініп, жаңа бағдарламалар енгізілмек.
Жаңа мамандар даярлау
Президент елімізге кәсіби кадрлар жетіспейтінін атап өтті. Сондықтан білім жүйесі еңбек нарығына бейімделуі тиіс. Жоғары оқу орындары мен колледждер заманауи технологияларды меңгерген инженерлерді, IT-мамандарды, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласының білікті қызметкерлерін даярлауға бағытталатын болады.
Цифрлық білім беру
Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігін құру жоспарланғаны айтылды. Бұл шешім білім беру жүйесіне де тікелей әсер етеді. Болашақта мектептер мен ЖОО-ларда цифрлық пәндер тереңдетіліп оқытылып, оқушылар мен студенттердің жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашылады.
Ауыл мектебін қолдау
Президент ауыл шаруашылығын дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл – ауылдағы мектептердің де заманауи білім беру бағдарламаларымен қамтылуын талап етеді. Мұғалімдер даярлау, білім сапасын көтеру және ауыл жастарының білімге қолжетімділігін арттыру – алдағы маңызды міндеттердің бірі.
Қорытынды
2025 жылғы Жолдаудағы білім саласына қатысты бастамалар – ел болашағына салынған инвестиция. Кәсіптік-техникалық білімнің мәртебесін арттыру, жаңа мамандар даярлау және цифрлық білім беруді дамыту – Қазақстанның адами капиталын нығайтып, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.
Айнагүл Сахбалиева, “Жұлдыз-ай” балабақшасының меңгерушісі