Тұрғындарда техникамен көмектесуде

(0 Votes)

Куряшов ауылдық округіндегі бөгет салу жұмыстарына ауылдық округтегі мекемелермен, тұрғындармен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшысы Найзабек Құбашев бастаған полиция қызметкерлері де көмекке келген.

«Шахман» көлігімен төгілген топырақтар қапшықтарға қапталуда. Бөгеттің қауіпті тұсына соқалар көміліп, үш қатар қамыс плиталар салынып биіктетілген. Одан кейін шөп төселіп, қапшыққа салынған топырақтармен нығыздалуда.

Жұмыс басынан аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратовты, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Хисметуллинді, Кудряшов ауылдық округінің әкімі Эльмира Хайруллинаны кезіктірдік. Өр суы қаупінің алдын алу жұмыстарын ұдайы назарда ұстап, аралап жүрген аудан әкімі Абат Жанғалиев Кудряшов ауылдық округінде де болды. Жалпы бөгеттерді бекіту аталған округте екі жерде Кудряшов және Арна ауылдарында жасалуда.

Бізбен әңгімесінде Кудряшов ауылдық округінің әкімі Эльмира Хайруллина:

– Ауылдық округіміз бойынша 14,5 шақырым бөгеттер бар. Су тасқынынан қорғау мақсатында 7 шақырымында бекіту жұмыстары басталып кетті. Қазір осы жерде аудандық полиция бөлімінен көмекке келген 35 қызметкер, Ғабит Мүсірепов орта мектебі, «Асылай» бөбекжай балабақшасы ұжымы және еріктілер ұйымшылдықпен өр суынан қорғану жұмыстарын атқаруда. Күні бүгін бөгеттердің астына шифрлар, қамыс плиталар салынып, үстіне сабан, топырақ төселуде. Арна ауылында 385 метр жер бекітілуде. Күні кеше 6 мың дана қапшық әкелдім, өзімізде резервте 4000 дана бар еді. Тағы да 15 мың данаға тапсырыс беріп қойдым. Жеке кәсіпкер Ерлан Нурбаевпен бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін осында 15 тонналық үш «Камаз», 30 тонналық бір «Камаз» автокөліктері, тиегіш трактор, гидромед жүр. Бұдан басқа ауылдың еріктілері мен жеке кәсіпкерлері, тұрғындары өз тараптарынан 3 тіркемелі «МТЗ-82», 3 дана «Газ-53» автокөлігін шығарды. Округтің тіркемесі бар «МТЗ-80» тракторы да пайдаланылуда, – деп, осындай сын сағатта бірліктерін көрсете білген ауыл тұрғындарына, мекемелер ұжымдарына ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521