Тозған көпір жөндеуді күтеді

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округіне қарасты «Сильнай» көпірін өртеніп кетуіне байланысты жаңадан салу қажеттігі туындауда.

most1

Тозығы жеткен, үстінен ауыр көлік өтсе билей жөнелетін бұл көпір жыл сайынғы есеп беру жиналысында жыр бола берген соң біреулер оны әдейі жасады ма кім білген?! Қалай десек те бұл нысан кеңшар кезінен бері қолайлы жолда орналасқандықтан маңызы зор. Хиуаз, Шағырлы, Жасарал, Күйген елді мекендеріндегі 3156 бас ірі қара, 3075 қой мен ешкі, 244 жылқы, 178 түйе өсіріп отырған 50-ге жуық шаруа қожалығы мен тұрғындар өр суы келгенде осы арадан өтеді. Үстіндегі тақтайлары алынған көпірді кейбір ауыл тұрғындары өз күштерімен жөндеуді бастапты. Алайда, астындағы тіреулері тозғандықтан ол нәтиже бермейтіні көрініп тұр.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы қасына ерген орынбасары Жастілек Әдебиетұлы, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Сержанұлымен ескі нысанды мұқият қарап, жаңа көпір салу қажет деген шешімге тоқталды.

– Қазір мүмкіндік бар да өзенді екі жағынан бөгеп, қысқа дейін осы көпірді салып алуымыз қажет. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолы бойында ескі көпірлер бұзылып, жаңаларының құрылысы басталды. Сол жерден шыққан бетін төрт бұрышты қалың бетондарды осында қолданайық. Олар мықты, ауыр жүкке мызғымайды. Жол салып жатқан мекемелерден көмек сұрап, солардың жүк көтергіштерін қолдануға болады. Көпір коммуналдық меншікте болмағандықтан бұл жұмысты демеушілік негізде жасаймыз, - деді аудан басшысы.

Одан әрі бұзылған көпірден шыққан материалдарды қарап, қасына ерген адамдарға тиісті тапсырмаларын берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521