Токпен ауласаң жауапқа тартыласың

(0 Votes)

Заман дамыған сайын балық аулау құралдарының неше түрі шығып жатыр. Кейінгі уақытта электрлік токпен аулаудың түрі жиі көрініс бере бастады. Осы орайда балық барымташылары мен әуесқой балықшылардың осындай табиғатқа едәуір зиянын келтіретін аулау құралды көптеп қолданулары алаңдатады.

Атырау облысы бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен 2024  жылы балық аулау заңнамасын бұзу бойынша 5480 хаттама жасақталып, соттың шешімімен 98 млн. теңгенің айыппұлы салынды. Осы анықталған фактілердің ішінде балыққа, басқа да су асты жауарларына орасан жапа шектіретін қатаң тыйым салынған жабайлық аулаудың бірі ретінде осы электрлі балық аулау құралы көрсетіледі.

Су маржандарын сақтау басты міндетіміздің бірі. Осыған байланысты балықшылардан аудан аумағы бойынша аулауға тыйым салынған құралдармен, атап айтқанда  электрлі балық аулау құралымен, құрма аулармен және жұлқып тарту қармақпен (донка)  заңсыз  әрекеттерге бармауын ескертеміз. Аталған талап сақталмаған жағдайда азаматтар мемлекет тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын қаперге береміз.

Г.УАПОВ,

Құрманғазы балық инспекция бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT