Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтілмек

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ жұмысы тойханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын аралаумен жалғасты.

Орталықтағы тойханалар талапқа сай жабық тұрды. Басшыларына Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 67 Қаулысы таныстырылды. Топ мүшелері «әкімдіктің рұқсатымен 50 адамға дейін жинап, той жасауға болады» деген қате ақпарат екенін қадап айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Адамдардың көп шоғырлануына байланысты, ауруды жұқтыру ықтималдығы да артатыны белгілі. Сондықтан кез-келген той-топырды өткізуге қатаң тыйым салынады.

rejd1

Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының да санитарлық нормаларды сақтауы басты назарға алынды. Қаулының 17 тармақшысының 4 тармағына сәйкес талаптардың мұқият орындалуы тапсырылды. Қауіпті дерттің дендеуінің алдын алу мақсатындағы рейд шаралары күшейтіле бермек.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521