2019 жылдың аяғында Атырау облысы Құрманғазы ауданының шалғай ауылдары – Сүйіндік, Балқұдық және Жалғызапанда талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБ) құрылысы аяқталды.
Жоба Атырау облысының әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында жасалған Атырау облысы Азғыр өңірінің ауылдарында мемлекеттік органдар мен тұрғындарға жоғары жылдамдықты интернет желісіне қатынауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша жол картасы аясында жүзеге асырылды.
Жол картасының бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Батыс Қазақстан облысының Сайқын ауылынан Атырау облысының Балқұдық ауылына дейін 185 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісін салды. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу. Жобаны іске асыру 2019 жылдың соңына дейін Сүйіндік, Балқұдық және Жалғызапан ауылдарындағы ауылдық әкімдіктерді, мектептерді және медициналық нысандарды телекоммуникация қызметтеріне қосуға мүмкіндік береді.
«Бұл Батыс ӨТД-нің Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырған маңызды және күрделі жобаларының бірі. Оның бірегейлігі Азғыр өңірі ауылдарының бір-бірінен алыстығында, аудан орталығынан 300 км және облыс орталығынан 500 км қашықтықта орналасқан. Шығындарды азайту мақсатында біз көрші Батыс Қазақстан облысының Азғыр өңірі ауылдарымен шектесетін Сайқын ауылының тереңінен оптика тарту жөнінде техникалық шешім қабылдадық», - деді Батыс ӨДТ бас директоры Абай Қадірәлиев.
Жоба өңірлік мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы қаржыландырылды. Кең жолақты қатынауды қамтамасыз ету жобасы Атырау облысы үшін маңызды. Ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жол картасының 2-ші кезеңіне сәйкес, 2020 жылы Атырау облысының Азғыр, Батырбек, Қоңыртерек, Асан және Үштаған ауылдық елді мекендеріне 160 км радиорелейлік байланыс желілерін салу жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру мемлекеттік органдар мен халықты интернет қызметтеріне қосу үшін Азғыр өңірінің ауылдарына деректерді беру үшін жоғары жылдамдықты ұялы байланыс операторларының қызметтеріне қосылуды қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, осы жылдың соңына дейін Батыс ӨТД 426 км талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын Атырау облысының 16 ауылының бағыты бойынша аяқтайды (Тайсойған, Қарабау, Тасшағыл, Қоныстану, Қаракөл, Ақжайық, Есбол, Алға, Еңбекшіл, Ортақшыл, Талдыкөл, Бөдене, Құрылыс, Жарсуат, Ақкиізтоғай, Көптоғай) және 49 мемлекеттік орган мен бюджеттік саладағы мекемелердің –ауруханалардың, мектептердің, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының интернет желісіне қатынауын қамтамасыз етеді.
Осылайша, 2019 жылдың соңына дейін Атырау облысындағы 163 ауылдың ішінен 107 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтылып, көрсеткіші 65 % құрайды, бүгінде бұл Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі