ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, елде патроналистік көңіл-күй артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет мұқтаж азаматтарды қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр. Бірақ, қабылданған соңғы шаралар тиімді болды дей алмаймыз. Осының салдарынан патроналистік көңіл-күйдің айтарлықтай өсіп кеткенін байқап отырмыз. Соңғы 5 жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны Қазақстанда 70 мыңнан жарты миллион адамға дейін көбейді. Әлеуметтік қолдауға бағытталған бюджет қаражатының көлемі 2017 жылдан бері 17 есе өсті. Басқаша айтқанда, жұмыс істегісі келмейтін адамдардың саны артып барады.
Ең жаманы, олар әлеуметтік көмек алу үшін өз табысын жасырады. Ауқатты адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алып келгені туралы БАҚ-та жарияланды», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент Қазақстанның Констиуция бойынша әлеуметтік мемлекет екенін қайтара атап өтті.
«Сол себепті мемлекет өз азаматтары алдындағы міндеттемелерін орындауы тиіс.Үкімет өз міндетін орындау кезінде осы қағидатқа сүйенуі керек», - деді ол.