Төтенше жағдайларға – тыңғылықты дайындық

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Қалиев төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды. Жиында жазғы кезеңдегі суға шомылу маусымында ауданның су тоғандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дала өрттері мен шабындық жерлердегі қамыс өрттерінен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, орман шаруашылығы мекемелерінің жазғы өрт қауіпті кезеңіне дайындығы, сондай-ақ, ауылдық округтерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарының техникалық жағдайлары мен қызметі талқыланды.

Аудан бойынша шомылу кезеңінде 11 жағажай ашуға қолайлы орындар анықталып отыр. Осыған сәйкес аудан басшысының міндетін атқарушы Н.Қалиев тиісті бөлімдерге қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді. Аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов баяндамаларға қатысты туындаған сауалдарын ортаға салды. Атап айтсақ, орман өртіне қарсы жауапты мекемелердің техникалық жабдықталуы, ауылдық округтерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарының техникалық жағдайы, жарамсыздарын ауыстыру, оқу-жаттығуға ерікті өрт сөндірушілердің қатысы турасында ұсыныстарын айтып өтті.

Ауылдық округтердің жалпы төтенше жағдайларға дайындығы комиссия төрағасы тарапынан сарапқа салынып, мейлінше пысықталды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521