Тоқтап тұрған құрылыстар бар

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың ІІ сессиясында аудан әкімі Қайрат Нұртаев аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Құсайыновқа Атырау облысының Құрмет грамотасын табыс етті.

sessiya-otyrysy

Күн тәртібіне сай аудан басшысының жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы хабарламасы тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалғандықтан, аудандық мәслихат депутаты Өмірболат Есенғазиев қосымша хабарлама жасады.

sessiya-otyrysy-1

Аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетовтің айтуынша өткен жылы 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй, Қиғаш ауылында инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның, Құрманғазы ауылындағы 75 орындық аурухана, Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақша, Балқұдық орта мектебінде 100 орындық асхана, Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына магистралды су құбыры жүйесінің құрылыстары, Жұмекен, Орлы, Қадыр, Дәшін ауылындағы СТҚ-на су құбыры желісін салу жұмыстары аяқталған. Бүгінде әртүрлі салалар бойынша 15 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда. Десек те, қазір кейбір құрылыстар мердігер мекемелердің үстінен сотқа арыз түсуіне байланысты тоқтап қалған. Бөлім басшысы сол себепті халықтың ақша игерілмей, жұмыстар жасалмай жатыр деген орынды алаңдаушылығы туындап отырғанын жеткізді. Білім, мәдениет, спорт салалары мен инфрақұрылымдық жүйелер бойынша 5 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Тағы бір айта кетер жайт, көп жылдардан бері пайдаланылмай, елді мекендердің сәулеттік келбетін бұзып тұрған 67 нысанның меншік иелеріне ҚР ӘҚБтК 505 бабының талаптарында көзделген шараларды алу жөнінде округ әкімдеріне ұсыныс жолданған. Депутаттар тарапынан туындаған сұрақтар жұмысы тоқтап қалған құрылыстар төңірегінде өрбіді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT