Тоқсанның тұғырына қонған абыз

(0 Votes)

Бірлік ауылында еңбек және тыл ардагері, ауылдың абыз ақсақалы Қабиев Рапихтың 90 жасқа толу құрметіне орай тағылымы мол кеш болып өтті.

Шараның тізгінін қолына алған жүргізушілер Ұ.Иманғалиев пен Н.Жұмалиева тамаша жыр шумақтарымен, бедерлі сөз өрнектерімен әсем әрлеп, мерейтой   иесінің фото-шежірелі өмір деректерімен таныстырды.

- Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ө.Тәжібаев ардагер аға жайлы тебірене сөйледі. Тоқсанның тұғырына қонған Рапих ағамыздың өмір жолы өнегеге толы, ғибраты орасан. Балалық шағысұм соғыспен тұспа-тұс келіп ерте есейіп, өндірдей шағында еңбекке араласты. Мұғалімдікке оқып, ұзақ жыл осында ұстаздық етті, ұжымшардың партия ұйымына жетекшілік жасады. Зейнетке шықса да, күні бүгінге дейін қоғамдық жұмыстан қол үзген емес. Абзал азаматтың ғибратты ғұмыры бүгінгі жас ұрпақ үшін өшпес өнеге. Ақылгөй абызға осындай құрмет көрсетіп, елдік істындырған ауылдық округ көлемінде мекемелерге мың сан рахмет, - деген лауазым иесі ақсақалдың иығына шапан жапты.

rapikh

Адандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов Рапих Нәбішұлының аудан экономикасына қосқан зор үлесі ескеріліп, «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» абыройлы атаққа таяуда болатын мәслихат сессиясына ұсынылатынын айтты.

Округтен сайланған аудандық мәслихат депутаты А.Қашуова, округ әкіміБ.Ақбанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қамзаев, жергілікті мекеме басшылары атынан Р.Сапаров, А.Сахбалиевалар мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыстады.

Салтанат соңында сөз  алған құрмет иесі үлкен ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Ауыл өнерпаздары Қанатқали және Қайрат Уаповтар, С.Бақтығалиева, Ж.Құрманғалиева, Ұ.Иманғалиевтер әннен шашу шашса, ұландар тобы жыр шумақтарымен сәлем жолдады.

Нариманбек ШОЛТЫРҰЛЫ,

Бірлікауылы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21