Тоқсан жылдыққа тартуымыз

(0 Votes)

Биыл киелі өңірдің жалғыз түйір ақпарат көзі – «Серпер» газетіне 90 жыл толғалы отыр.

Газет қашанда оқырманымен беделді. Сондықтан аудан айнасына берілген болжам 270 дананы орындап, торқалы тоқсандарымен редакция ұжымын, қалың оқырмандарын алдын ала құттықтаймыз. Аудан жаңалығы, мемлекеттік саясат, Президентіміздің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдерінің жергілікті тұрғындарға айтпағы осы «Серпер» арқылы жүзеге асуда. Әрісі – ата-баба тарихы, берісі – бүгінгі Тәуелсіздік игіліктері жергілікті басылымның бетінде сайрап тұр. Артта қалар із, нақтылы құжат ретінде мерейінің үстем болғанына жанымыз ашиды. Жазылмайын деген пиғыл жоқ, әне-міне деп жүргенде жазылу мерзімі өтіп кетеді.

Сондықтан бұл шаруаны ерте құнттап, арқаны кеңге салып жүргенге не жетсін! «Атырау» газетіне болжам 122 дана, қазір 80-ге жеттік, сөзсіз межеден шығамыз. «Егемен Қазақстанға» 28 данаға көмек сұралынса, орындап болдық. «Прикаспийская коммунаға» 17 данаға жазылсақ, болжам бойынша 28-ге жетеріміз анық. Үлкен түсіністік танытқан округ тұрғындарына, аталар мен әжелерге, мектеп, дәрігерлер ұжымына, кәсіпкерлер мен шаруа иелеріне, жастарға округ әкімдігі атынан алғыс айтамын.

Іскер азамат, өмірінде уәдеден тайқып көрмеген, балық шаруашылығы мәселесін республикалық деңгейге шығарып жүрген, аудандық мәслихаттың бес бірдей шақырылымының депутаты, ауыл, ауданның айтулы атымтай жомарты, сан жүздеген ауылдастарды ұзақ жылдар жұмыспен қамтып келген, бір сөзді, білікті, көреген «Каспий-балық» ӨК төрағасы Жұмажан Өмірзақұлы Шакуповпен өмір жолымда сапарлас қылған тағдырым үшін Тәңіріме мың сан тағзым! Ауылдастарға әр кез жасаған жақсылығы өзінің, отбасының алдынан жарқырап шыға бергей, дені сау, жарқын көңілде аман-есен жүргей!

Бауыржан Ақбанов,

Бірлік ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT