Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 27-29 шілде күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау. Жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті атқарушы орган мен білім бөлімі қызметкерлері жұмылдырылып,белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмысты болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі ата-аналарға балаларының орналасқан жерін бақылап, олар үшін толық жауапкершілік алу керектігін, кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, ал тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін болуға тыйым салынатындығын еске салады.