Бәйгеге шабатын аттарды тіркеліп, шабандоздардың денсаулығы тексеріліп, нөмір алу сияқты ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді. Бұл міндет рәсімделіп, делебені қоздырған дүбірлі дода басталды.
Сейсенбі, жұмыс күні болғанына қарамастан бәйге десе ішкен асын жерге қоятын сауықшыл халықтың қарасы қалың.
Той алаңында сауда-саттық жәрмеңкесі, жеңіл-желпі амақ пен тәтті сусындар ұсынатын дүңгіршектер, балаларға арналған ойын-сауық аттракционы жұмыс жасап тұр.