«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі

(0 Votes)

Болашақ туралы армандауға болады, бірақ оны өз қолыңызбен құрған дұрыс. Ағаш отырғызу арқылы біз жақсылық дәстүрін жалғастырамыз. Бұл – тек жақсы дәстүр ғана емес, сонымен қатар, нақты іс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ел көлемінде барлық білім беру ұйымдарында «Түлектердің ағаш егуі» республикалық челленджі өтті. Оған биыл мектеп бітіретін оқушылар қатысып, өз үлестерін қосты. Аудандық жас туристер бекетінің қызметкері Дамир Тілеуғалиев республикалық іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, білім мен еңбекқорлыққа ұмтылуға шақырды. Сондай-ақ, биылғы мектеп түлектеріне алдағы ҰБТ- де сәттілік тіледі. «Бұл челлендждің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты табиғатымызды аялап, қорғауға және еңбекқорлыққа баулу. Көшет отырғызу арқылы біз ұйымшылдық танытып, туған жерімізді көркейте аламыз. Бұл дәстүр сіздерден кейінгі оқушыларға үлгі болуы керек», – деді ол.

Экочелендж Абай атындағы жалпы орта мектепте жалғасын тауып, оның барысында түлектер 30-дан астам жеміс ағашын отырғызды. Түлектер аллеясында алма, алмұрт, алхоры сынды жеміс ағаштары бой көтерді. Челленджге аталған мектептің 36 түлегі қатысты.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT