Түлектер қазақ күресінен турнир өткізді

(0 Votes)

Нұржау орта мектебінің 2019 жылғы түлектерінің 5 жылдығына орай ауыл ішілік қазақ күресінен турнир өтті.

Жарыстың мақсаты бұқаралық спортты дамыту бағытында өткізілді.

Боз кілемде палуандар екі салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. 60-75 кг салмақ дәрежесі бойынша жас палуан Темірбек Дамир топ жарса, екінші орынды Ғалым Дамир еншілеп, үшінші орыннан Ақтамғалиев Айбек жеңіс тұғырына көтерілді. 75+ кг салмақ дәрежесінде Айталиев Саламат жеңімпаз атанып, екінші орынды Батуов Нұртілек Нұрбекұлы еншіледі. Ал осы салмақта Келдібеков Шыңғысхан үшінші орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар және медальдар, кубоктармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT