Төл мереке

(0 Votes)

Жүректі сағыныш пен мұң кернеді,
Ойыма түссе өткен күндер легі.
Мереке құтты болсын, әріптестер,
Ақпарат майданында жүргендерім!

Бір күнді бізге дағы бөлген екен,
Көңілдер қалай бүгін көлдер екен?
Ардагер аға буын – бізге дағы,
Саптағы сарбаздарға – төл мереке!

Құлындай көрісейік шұрқырасып,
Біздермен көрісуге бұл күн асық.
Қарындас, інілерді көрейікші,
Тайсалмай жазып жүрген бұрқыратып.

Сөздерің арыстандай айға атылып,
Көлденең қалмай тұрған жайға сынып.
Өркениет жолына не кедергі,
Таңдамай жазып келдің қай тақырып.

Биікке шығарғаным еңістерді,
Айтумен ақиқатын кем істердің.
Басыңа қатер төнсін, қаймықпадың,
Әшкере қылып жемқор-жегіштерді.

Алдыңда аға буын өнегеңбіз,
Сары майдан қыл суырып сөйлеген – біз.
Көк Туды бір көтерген шындықпен,
Журналист – көптен озық көрегенбіз.

Аппақ ар, айыл жимай сүйенерің,
Сол үшін – ақ адамдар, сүйеді елің.
Інге кіріп кетсе де сендер таптың,
Сапасыз құрылыстың иелерін.

Таптыңдар, олай қашсын, былай қашсын,
Содан да өңдеріңде шырай жақсы.
Сендердің арқаларың, үзілуде,
Жалғанған тамырымен сыбайластық.

Қарау көп, бұзық ниет ғалам толы,
Сол сенің жүректегі жараң болып.
Тәуелсіздік дегенде өре тұрып,
Келесің тағдырына алаң болып.

Пасықтар қара басын тола қамдар,
Аз ба екен қазынаны тонағандар?
Журналист – менің асыл бауырларым,
Оқ болып сондайларға борағандар.

Сол асыл бабалардан мұраны ұғып,
Жел кеулемес кеудеге құран іліп.
Тәуелсіздік сен аман тұру үшін,
Келеміз ант сөзге тұра біліп.

Еліміз өрлей түскей өрге бекем,
Шығарса лайықпыз төрге неше.
Журналист – үлкен – кіші әріптестер,
Бүгінгі құтты болсын, төл мереке!

Таңатар ТАСМҰХАНТЕГІ,

ақын, ардагер-журналист

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT