Өткір ішек инфекциясының алдын алу

(0 Votes)

Ішек инфекциясы- ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы.

Қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда сүтте, сүтті өнімдерде, етте, тәтті өнімдерде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық түліктерде көбейеді. Жаздың келуімен қатар аурудың да көбейе түсетінін есте сақтау керек. Аурудың белгілері:дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы; іш өту, құсу, іштің кебуі, құрсақтың ауыруы, мазасыздану, шөлдеу. Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің тамырлардың, бүйректің және басқа да ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін: емшек сүті (нәрестелерге) айран, күріш суы, қайнатылған және салқындатылған су, ауыз арқылы ішетін тұзды минералды су ерітіндісі-Регидронұнтағының бір пакеті қайнатылып, бөлме температурасында суытылған 1 литр суға дайындайды. Дайын ерітіндіні әрбір 3-5 минут сайын ішу керек. Ерітінді әрбір күнге жаңадан дайындалуы қажет. Ішек инфекциясының белгілері байқалса, өздігіңізден емделмей, жедел медициналық көмекке жүгініңіз.

b

Алдын алу шаралары: Ішек инфекцияларының пайда болуының алдын алу үшін азық түліктердің сапасы өте маңызды –көптеген тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай олар ауруды тудырушы адамның қолымен тағамды аузына апарғанда азқазан ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді. Сондықтан жеке тазалық тәртібін қатаң сақтаңыз, әсіресе тамақ ішер алдында дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.Өнімдердің жақсылап қуырылуы мен қайнатылуына көңіл бөліңіз және шикі мен дайын тағамды тоңазытқызшта бөлек беті жабық ыдыста сақтаған жөн. Осындай қарапайым ережелерді сақтау өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтайды.

Ақгүлім Жакупова Құрманғазы аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT