Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы

(0 Votes)

Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 3 "а" - сыныбына "Тәуелсіздік - тұғырым" атты сынып сағаты өткізілді.

Ол 1986 жылы Тәуелсіздік алаңында болған көтеріліс туралы және жүректері елім, жерім деп соққан, қайсар мінезді аға, апаларымыздың ерен ерліктерін кейінгі ұрпақ санасына насихаттау мақсатында оздырылды. Оқушыларға арнайы тапсырма беріліп, көрініс сомдау жүктелді. Бала жүрекпен ойнатылған сахналық көрініс көптің көңілінен шықты. ІІІ-сыныптың оқушылары Қ.Рысқұлбековтың абақтыда отырған және тергеуші алдында жауап берген сәтін өз деңгейінде көрсете білді. Тәрбие шарасының барысында: желтоқсан құрбандары және егемендіктің жетістіктері туралы, Қ.Рысқұлбековтің інісі Тұрар Рысқұлбековтің жазбаларын, көтеріліс кезіндегі фотосуреттер мен видеороликтер көрсетіліп, толық ақпарат берілді. Туған жер туралы ән айтылып, өлең оқылып, хор шырқалды.

Шынар Шұғайыпова,

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT