Өткелге апаратын жол жөнделді

(0 Votes)

Шортанбай мен Балықшы ауылдарының арасындағы жүзбелі жаяу жүргіншілер өткеліне апаратын пирс (айлық, өзенге сұғына енген гидротехникалық құрылым) соңғы кезде тоза бастаған еді.

Оған апаратын жаға бойындағы жол да сын көтермейтін. Өр суы келген, кеткен  сайын өткелге баратын 50-60 метр жердің кей тұстарын  шайып, біресе батпақтанып қарым-қатынасқа қиындық туғызып келді. Екі ауылдан әрлі-берлі Шортанбайдағы балық зауытында жұмыс жасайтын тұрғындар мен мектеп оқушылары қатынайды. Қайықпен де өтетін. Өр суы келсе айлықтың бергі жағын шаяды. Қайтқанда ол жер көпке дейін кебе қоймай батпақтанып жатады. Пирске шығу қиын. Жүзбелі өткелден немесе қайықтан түскеннен кейін де құрғақ жерге жету мұң. Әсіресе, балаларға оңай тимейтін. Ауыл тұрғындары осыны бір ретке келтіруді көптен бері көтеріп жүрген.

zhndelip-zhatyr-zhol_jpg11

Жақында осы мәселені оңынан шешудің сәті түсті. Көптоғай ауылдық округінің жаңа әкімі Бауыржан Каримовтің тікелей араласуымен, Шортанбай балық цехының басшысы Ақәділ Зайнеденовтің көмегімен және қоғамдық ақылы қызметкерлер жұмылдырылып,  приске баратын жерге құм салынған қаптар төселіп, ретке келтірілді. «Сонымен қатар айлықтың тозығы жеткен ағаштары да ауыстырылды. Ортаға кеме қойылды. Жасалған жұмыс нәтижесінде тұрғындардың  жаяу жүргіншілер жүзбелі өткелімен кедергісіз қатынауына мүмкіндік туғызылды. Бұл істе бізге қолдау білдірген Шортанбай балық цехының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты  Ақәділ Зайнеденовке ризашылығымызды білдіреміз», - дейді округ әкімі Бауыржан Нұрланұлы.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT