Тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие

(0 Votes)

Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген.

Сәби дүниеге келгеннен бастап оның өсіп, дене бітімі дұрыс қалыптасып, ақыл-ойының жетілуіне дейін үлкен көңіл бөлген. Осы бағытта аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия көптеген іргелі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында комиссияның қорытынды отырысы болып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің әдіскері Жұмағаным Науризова хабарлама жасады. Аудандық ата-аналар кеңесінің атқарған шаралары негізінде есеп берді. Нәтижелі істерге өз үлестерін қосуда Ю.Гагарин, Нұржау, Еңбекші, Қадыр Мырза Әлі, Б.Бегалиев, Ақкөл жалпы орта мектептерінің шығармашылық жұмысын ұйымдастырушы тұлғалардың еңбегі зор екенін айтты. Мәліметінше, аудан көлемінде 6574 ата-ананың қатысуымен түрлі шаралар, онлайн вебинарлар, кездесулер өткізілсе де, бала тәрбиесіне немқұрайлы көзқарас танытатын жайсыз отбасылар саны 11-ге жеткен. Қоғамдағы отбасының рөлін арттыру мақсатында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ата-ана – өз ұрпағының айнасы» тақырыбында жоба қолға алынды. Заң бұзушылық әрекеттерді болдырмау аясында барлық аудан мектептерінде мектеп инспекторларымен және ата-аналар комитетімен бірлескен «Түнгі ауылдағы балалар» рейдтік іс-шаралары кесте бойынша әр аптаның сенбі, жексенбі күндері жүргізіліп, анықталған фактілер негізінде акт жасақталды.

Сондай-ақ, 30 мектепте ұлдар, қыздар, әкелер қозғалысы мен аналар мектебі қоғамдық ұйымдары құрылды. Білім ошақтарында «Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ата-аналар семинарлары ұйымдастырылып, оған 4447 ата-ана қатысты. Жайсыз отбасылармен 14 құқықтық, 4 медициналық жалпы жоспарға сай қашықтықтан ата-аналар жиналысы оздырылды. Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында өткізілген республикалық, облыстық байқауларда аудан мектептері зор белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды.

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Жандос Бектемиров жыл бойы жүргізілген ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, жауапкершілік және ауызбіршілік қасиеттері үшін комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді. Ортаға салынған ұсыныс-пікірлерді ескеріп, талқылау нәтижесінде келісімге сай комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT